Атырау, 16 шілде 17:15
 ашықВ Атырау +29
$ 525.87
€ 614.37
₽ 6.72

Гарвардта оқып жүрген қазақстандықтарға депортация қаупі жоқ – министр

311 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

2025 жылдың 19 маусымында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сенат отырысында АҚШ билігінің Гарвард университетіндегі қазақстандық студенттерге қатысты шешімі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, сот шешімімен шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салу кейінге шегерілді. Осылайша, Гарвардта білім алып жатқан қазақстандық студенттерге виза мәртебесінен айырылу немесе депортация қаупі жоқ.

Саясат Нұрбек АҚШ мемлекеттік департаменті шетелдік студенттерге визалар беру процесін қайта бастағанын да растады. Алайда енді виза алуға ниеттілердің әлеуметтік желідегі белсенділігі мұқият тексеріледі. Виза рәсімдеу кезінде өтініш иесінің АҚШ-тың ресми саясатына қайшы келетін саяси ұстанымдарды қолдап-қолдамайтыны назарға алынатын болады.

Осыған байланысты министр шетелге оқуға баруды жоспарлап отырған жастарға әлеуметтік желідегі парақшаларын қайта қарап, сақтықпен әрекет етуге кеңес берді.

19 маусым, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.