Атырау, 14 ақпан 01:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

​Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

358 рет қаралды
gov.kz

Үстіміздегі жылдың 10 маусымында Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетінің жолын кесті.

8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды.

Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен.

Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

19 маусым 2025, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.