Атырау, 7 желтоқсан 18:22
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жамбыл облысында 91 емшара кабинеті өз қызметін тоқтатты

353 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Жамбыл облысында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер барысында жұмыс істеп тұрған 133 емшара кабинетінен 91 нысан өз еркімен дәрігерге дейінгі медициналық қызметін тоқтатты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті хабарлады.

Министрлік жеке емшара кабинеттерінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қатаң бақылауға алатынын атап өтті. Биыл облыста медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзған мекемелерде екі адам қайтыс болғаны белгілі.

Тексеру кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті лицензиялардың болмауы, дәрі-дәрмектерді дұрыс сақтамау сияқты маңызды бұзушылықтар анықталды. Қоғамдық мониторингтік топтардың көмегімен 133 кабинеттің стандарттарға сәйкес келмейтіні белгілі болды.

Қазіргі таңда 37 нысанға тексеру жүргізіліп, оның 3-і әлі де жұмыс істейді, ал 2 нысанға тексеру жүргізу жоспарлануда. Тексеру нәтижесінде 37 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 46 хаттама толтырылып, 10,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Министрлік жоспардан тыс тексерулер тек ресми өтініштер мен тиісті органдардың тапсырмалары бойынша жүргізілетінін ескертеді. Қоғамға лицензияланған медициналық ұйымдарға жүгініп, дәрігерлік бақылаусыз емшараларды үйде жүргізбеу ұсынылады.

18 маусым, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.