Атырау, 7 желтоқсан 18:22
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Алаяқ қылмыстық жауаптылыққа тартылды

396 рет қаралды
Фото: freepik.com

Жеңіл жолмен пайда табуды көздеген алаяқ ақпараттық жүйе пайдаланушысының сенімін теріс пайдалану және алдау арқылы заңсыз табыс табу схемасын құрған, деп хабарлайды Бас прокуратура.

2024ж. елорда тұрғыны «WhatsApp» қосымшасында жалған хабарлама жариялаған.

Ол азаматтардың назарын аудара отырып, зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегіне жетпеген тұлғаларға БЖЗҚ-дан қаражат алу қызметтерін ұсынған.

Алаяқ өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмағанына қарамастан, зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған.

Барлығы 17 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 3 млн теңгеден асатын қаражатты иемденген.

Сотта кінәлі тұлға өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге залалды толық өтеген.

Сот үкімімен ол сотталды.

Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түріндегі қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін еске салады.

18 маусым, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.