Атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін жылыойлық бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіле тұра ҚР ҚК 63-бабы қолданылып, бір жыл сынақ мерзімімен сотталды.
Екі дос мас күйлерінде Құлсары қаласын әбден кезген. Дүкеннен алынған арақта есеп жоқ. Ішіп жатыр, босап жатыр. Т‑ның айтуынша дүкеннен шығып келе жатқанда бір пакетті көріп алады, ішінде дара ауызды мылтық пен тапаншаға ұқсас атыс қаруы болған. Бірақ досына айтпайды, қазынасын қойнына тығып алады. Сөйтіп үйлеріне келе жатқанда полиция тоқтатады. Тінту кезінде заңсыз қару тыққан Т. ұсталады. Бейне бір кинодағыдай болған оқиғадан соң Т. аудандық соттың үкіммімен бір жыл сынақ мерзіміне сотталуымен осы іс тәмам болды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА