
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 2024–2030 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында елдегі медициналық мекемелердің цифрлық картасын дайындау үстінде. Жоба Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлесе іске асырылуда.
Цифрлық карта биыл еліміздің барлық өңірін қамтиды. Өткен жылы пилоттық режимде 10 облысқа енгізілген жоба енді бүкіл республика бойынша кеңейтілуде.
Жалпы алғанда 34 ірі жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Олардың қатарында: ұлттық ғылыми орталықтар, перинаталдық және көп бейінді ауруханалар, университеттік клиникалар бар.
Бүгінгі күні үш ірі нысанның құрылысы аяқталды:
-
Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығы,
-
Ұлттық шұғыл медицина орталығы,
-
Алматыдағы Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы.
Бұл жобалар елдегі медициналық инфрақұрылымның сапасын арттырып, өңірлерде қолжетімді әрі заманауи медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
В Атырау -3