Атырау, 7 желтоқсан 18:21
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Электр және жылу жүйелері жаңартылады: 75 жоба мақұлданды

350 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Қазақстанда электр және жылу желілерін жаңғыртуға 210 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ел бойынша 75 ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар электр қуаты мен жылу жүйелерінің сенімділігін арттыруға бағытталған.

Министрлік мәліметінше, осы жобалардың арқасында энергетикалық инфрақұрылымның тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендейді. Энергетика вице-министрі Асылжан Мусиннің айтуынша, бұл қадам халықтың өмір сапасын арттырып, кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге сеп болады.

«Біз әрбір теңгенің тиімді жұмсалуын қадағалап, отандық өндірушілерге басымдық береміз. Бұл — еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикасының тұрақтылығына салынған инвестиция», — деді ол Power Central Asia + China форумында сөйлеген сөзінде.

Жобалар мынадай бағыттар бойынша бөлінген:

  • Электр желілерін жаңғырту — 47 жоба, 90 млрд теңге;

  • Жылу жүйелерін жаңарту — 28 жоба, 120 млрд теңге.

Ұлттық жобалар аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті өндіріс пен мамандарды қолдау басты назарда болады.

Энергетика министрлігі стратегиялық нысандарды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

17 маусым, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.