
Жазасын Степногорск қаласындағы орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатырған Бақытжан Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев оның рақымшылыққа ілігіп, мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Адвокаттың айтуынша, оның қорғауындағы адам 2025 жылғы жаздан бастап шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы. Бірақ сот мұндай өтініштерді әзірге қарастырған жоқ.
Заңгердің пікірінше, Байжанов жазаны ауыстыру туралы өтініш білдіре алады. Ол рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылмайды.
"Екі санаты бар: қылмыстық жауапкершіліктен толық босату және мерзімін қысқартқан кезде жартылай босату. Байжанов екіншісіне ілігеді, қалған жазаның үштен біріне дейін қысқартуы мүмкін, өйткені қылмыс ауыр санатқа жатады", - деп нақтылады заңгер.
Б.Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталды. 2024 жылы мамырда сот оны қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.
В Атырау -3