Атырау, 8 желтоқсан 15:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Вячеслав Кимге Jusan Bank-ті сатып алуға рұқсат берілді

415 рет қаралды
Сурет: 2gis

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы Вячеслав Константинович Кимге «First Heartland Jusan Bank» АҚ ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулы қабылдады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы тиісті қаулы қабылдады.

Өтінішті қарау «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін алуына уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімі болған кезде ғана жол беріледі.

«First Heartland Jusan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі ірі банктерінің қатарына кіреді. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банктің активтері 3 195 млрд теңгені, меншікті капиталы 900 млрд теңгені құрайды. Банк капиталы мен өтімділіктің жеткіліктілігі нормативтерін қоса алғанда, белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтайды. Активтер көлемі бойынша Банк 6-шы орында, несие портфелінің мөлшері бойынша — елдің банк жүйесінде 8-ші орында.

Сонымен бірге В.К. Ким «Kaspi Bank» АҚ-тың жанама ірі қатысушысы болып табылады, аталған банк Қазақстан Республикасының банк секторында жетекші орын алады, оның ішінде активтер мен несие портфелінің мөлшері бойынша 2-ші орында.

Анықтама:

Вячеслав Ким - Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай адамдарының тізімінде бірінші орында тұр. Оның байлығы 7,1 миллиард долларға бағаланады. «Алсеко» АҚ-ның, сондай-ақ «Астана-ЕРЦ» ЖШС, «ELTOP Soft» ЖШС және «ПОЗИТИВ Инвест» ЖШС-терінде оның үлесі бар.

Бұған дейін Вячеслав Ким Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алуға өтінім бергенін растағанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ Jusan Bank атауын Alatau City Bank деп ресми түрде өзгерткенін жариялады.

3 маусым, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.