
2023 жылғы 3 наурызда күшіне енген «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң аясында жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелерін реттеуге мүмкіндік беретін үш негізгі рәсім енгізілген болатын: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Қаржы министрлігі ұсынған ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытқа дейін:
-
28,4 мың азамат мемлекеттік кірістер органдары арқылы банкрот деп танылды;
-
196 адам сот шешімімен банкрот деп танылған;
-
Міндеттемелердің жалпы сомасы 147,1 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, 103 азамат төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін пайдаланып, жалпы сомасы 9,5 млрд теңге көлемінде өтініш берген. Олардың ішінде 8 борышкердің қайта құрылымдау жоспары бекітілген.
Қоғамның бұл заң туралы хабардарлығы артқан:
-
2024 жылы — 83 057 өтініш,
-
2025 жылдың алғашқы бес айында — 77 106 өтініш берілген.
2024 жылдың 20 тамызынан бастап банкроттық рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған бірқатар өзгерістер күшіне енді:
-
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі енді мүліксіз, бірақ тұрақты табысы бар азаматтар үшін де қолжетімді болды.
-
Соттан тыс банкроттық енді микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктерге де қатысты қолданылуда.
-
Өтініш беру тәртібі жеңілдетілді: енді өтініште несие беруші мен қарыз сомасы туралы мәліметтерді көрсету, құжаттарды қоса беру міндетті емес.
-
Төлемсіздік мерзімін есептеу тәртібі нақтыланды: 1 АЕК-ке жетпейтін төлемдер жарамсыз деп танылып, соңғы нақты төлем күнінен бастап есептеледі.
Қазіргі уақытта Парламентте заңға келесі түзетулер қаралуда:
-
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қарыздар бойынша міндетті реттеу талабын алып тастау;
-
Соттан тыс банкроттықты себепсіз тоқтату мүмкіндігін беру;
-
Банкроттық рәсімі аяқталған соң, банкроттардың барлық қаржылық міндеттемелерін тоқтату және бұл ақпараттың кредиттік бюро базасында көрсетілмеуін қамтамасыз ету.
Аталған заңнама өзгерістері 2025 жылдың соңына дейін күшіне енуі мүмкін.
Бұл заң азаматтардың борыштық жағдайын реттеуге құқықтық негіз ұсынумен қатар, қоғамның қаржылық сауатын арттыруға да үлес қосып отыр.
В Атырау 0