Атырау, 8 желтоқсан 15:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Прагадағы оқиғаға байланысты Пржевальский жылқыларын Қазақстанға жеткізу жоспары іске аспай қалды

Бейнежазба
343 рет қаралды

Прагада Пржевальский жылқыларын Қазақстанға жеткізу жоспары іске аспай қалды: Виски атты айғыр бірі әуежайға бара жатқанда жүк көлігінен секіріп кеткен. Оқиға салдарынан Праганың айналма жолында көлік қозғалысы бір сағатқа тоқтатылды. Зообақ қызметкерлері мен полиция жануарды ұстап, басқа торға кіргізуге тырысты, деп хабарлайды Спутник Қазақстан.

Астанаға ұшатын ұшаққа төрт жылқының тек үшеуін тиеуге мүмкіндік болды. Жылқы зардап шеккен жоқ және жағдай тез арада реттелді.

2024 жылдың маусым айында Қостанай облысына сегіз Пржевальский жылқысы жеткізілді. Барлығы 40 бас әкелу жоспарланған. 1969 жылы жабайы табиғатта жойылып кеткен бұл жылқылар қазір өсіріліп, өздерінің табиғи мекендеріне қайтарылуда.


3 маусым, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.