Атырау, 8 желтоқсан 15:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Ақмола облысының егіншілері егінді тапаған киіктен құтылудың амалын тапты

330 рет қаралды

Ақмола облысының фермерлері егістікке зиян келтірген киіктермен күресудің ерекше әдісін тапты. Аграршылар жануарлардан құтылу үшін оларды Қарағанды облысына айдап жібереді, деп хабарлайды Kazachkov Offside телеграм-арнасы. 

Қарағанды облысының Абай ауданындағы Есенгелді ауылының маңында түсірілген видеоның авторы 400 мың бас киіктің Ақмола аумағынан, атап айтқанда, Астрахан және Егіндікөл аудандарынан келгенін айтады.

Аграршылар бұл шараны қабылдауға мәжбүр болды, себебі екі мәселе қатар туындап отыр: бір жағынан – егін егу науқаны, екінші жағынан – егінді жойып жатқан киіктердің пайда болуы.

Аңшылық инспекциясы көмектесе алмайды, өйткені киіктерді атуға тыйым салынған. Жаңбыр шақыру немесе бейінді министрліктен жедел жауап алу да қиын – шешім қабылданғанша, егіннің орнында тек шаң қалады.

Оның орнына фермерлер киіктерді көрші облыстарға айдап жіберуді шешеді, бірақ ол үйір келесі күні қайда болатыны белгісз.

3 маусым, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.