Атырау, 8 желтоқсан 15:37
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Павлодарда Ұлттық ұланның жауынгерлік әзірліктері пысықталды

543 рет қаралды
Сурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Павлодар қаласында Ұлттық ұланның әскери техникасы мен қару-жарағының жауынгерлік әзірліктері пысықталды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Жоспарлы техникалық байқау 5512 және 6679 әскери бөлімдерінде өтті. Әскери қызметшілер бұл шараға тыңғылықты дайындалған. Байқауға арнайы мақсаттағы бөлімшелердің техникасы, жеке құрамды тасымалдауға арналған жоғары өтімді көліктер, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы автокөліктер тартылды.

– Жыл сайынғы техникалық байқаудың басты мақсаты – әскери техниканы сапалы дайындап, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын жоғарғы деңгейде ұстау. Патрульдік қызметке арналған автокөліктердің, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілердің техникалық жағдайы жан-жақты тексеріледі. Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігі көбіне техниканың жеке құрамды белгіленген жерге уақтылы жеткізуіне тікелей байланысты, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, полковник Азамат Ғабдуллин.

Тексеру қорытындысы бойынша барлық әскери техника сапалы күйде және кез келген тапсырманы орындауға толық дайын екені белгілі болды. Сонымен қатар, офицерлер мен жүргізушілердің де дайындық деңгейі назардан тыс қалмайды.

Айта кетейік, мұндай іс-шаралар Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде жыл сайын өткізіледі.

2 маусым, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.