
Жол-көлік оқиғасы 30 мамыр күні түнде Атырау-Дамбы жолындағы теміржол өткелінде болды.
Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, алдын ала анықталған ақпарат бойынша Kia Sportage көлігінің 38 жастағы жүргізушісі жол белгілерін сақтамай, теміржолдың үстіне шығып кеткен. Соның салдарынан өтіп бара жатқан тепловозбен соқтығысып қалды.
Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Қазір полиция болған оқиға деректеріне қатысты қажетті құжаттарды жинақтап жатыр.
В Атырау +4