Атырау, 8 желтоқсан 04:30
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Жасқайрат ауылында кісі өлтіру оқиғасы орын алды

978 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

27 мамыр күні Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылында жаға ұстатарлық қанды оқиға орын алды. 

Алдын ала ақпарат бойынша, 36 жастағы келіні 83 жастағы енесін пышақтап тастаған. 

Ақхалатылар дереу жеткенімен кейуана өте ауыр жағдайда болған. Ауыр жарақаттан ол комаға түсіп, аудандық ауруханада көз жұмды. 

Округ әкімі Абат АҚБАЛАШҰЛЫНЫҢ айтуынша, бұл отбасы бұған дейін құқық қорғау органдарының назарында болмаған.

- Бұрын-соңды ол отбасында ене мен келін арасында жанжал болмаған. Не себептен осындай жағдай орын алғанын біз де түсінбей отырмыз, оны құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. Бұл оқиға ауыл халқын дүр сілкіндіріп тастап отыр. Күйеуі оқиға кезінде үйінде болмаған дейді. Олардың ортақ 5 баласы бар, ең кішкентайы 1,5 жаста, - дейді ол.

Ювеналды полиция мамандары екі кішкентай баласын әкесінің келісімімен қаладағы сәбилер үйіне уақытша орналастырған. Ал күдікті қамауға алынды. 

Облыстық ПД баспасөз тобының хабарлауынша күдікті әйелдің үстінен қылмыстық іс көтеріліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 мамыр, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.