Атырау, 5 желтоқсан 08:55
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​АҚШ-тың апелляциялық соты Трамп енгізген баж салығын қайта қалпына келтірді

694 рет қаралды

АҚШ-тың апелляциялық соты Дональд Трамп енгізген импорттық баж салығын қайта қалпына келтірді. Бұған дейін Халықаралық сауда мәселелері жөніндегі сот бұл тарифтерді заңсыз деп танып, оларды бұғаттаған болатын, деп хабарлайды Euronews.

Федералдық апелляциялық сот Трамптың сәуір айында енгізген шетелдік тауарларға салынған баж салығын қайта күшіне енгізді. Сонымен қатар, сот екі тараптың өз ұстанымдарын жазбаша түрде дәлелдеуі керектігін шешті: талапкерлер 5 маусымға дейін, ал әкімшілік 9 маусымға дейін өз дәлелдерін ұсынуы тиіс.

Бұған дейін Халықаралық сауда соты АҚШ президентінің өкілеттігін асыра пайдаланып, көптеген елдерге қатысты баж салығын заңсыз енгізгенін мәлімдеген еді. Соттың шешіміне сәйкес, Трамп санкцияларды күшейту үшін сілтеме жасаған Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы заң президентке сауда тарифтерін енгізуге құқық бермейді, өйткені Конституцияға сәйкес, халықаралық сауданы реттеу құқығы тек Конгреске тиесілі.

Liberty Justice Center коммерциялық емес заң фирмасы баж салығы енгізілген елдерден тауар импорттайтын бес шағын бизнес атынан сотқа шағым түсірді.

Трамп әкімшілігі сот шешіміне жарияланғаннан бірнеше минут өткен соң апелляция берді.

30 мамыр, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.