Атырау, 26 қараша 10:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қамыскөл суға толды

12 638 просмотра

Бірнеше жыл бойы Жем өзенінің кенезесі кеуіп, суалып қалып аудандағы Қамыскөлге қауіп төнген болатын. Тіпті бұдан екі жыл бұрын көлдің суы шіріп, суға түсуге МСЭҚБ тиым салған еді.

Мамандардың айтуынша көлді сақтап қалудың бір ғана жолы бар болып шықты, оны жаңа сумен алмастыру. Былтыр Ойыл жылыойлықтарды осы тығырықтан шығарған болатын. Ойылдың тасуы жылыойлықтарға қуаныш сыйлайтыны анық.

‑Биыл да қатты су келеді деп отырмыз. Сәуірдің басында «қызылсу» жүріп өткен. Ақтөбеліктермен жиі байланысқа шығып отырмыз, тауға қар қалың түсіпті. Қазір суды Бақашыдан бөгеп отырған жоқпыз, екі бағытта Жем өзенін бойласа, екіншіден Қамыскөлге қиылуда. Суды ысырап етпеу үшін Қамыскөлге құятын Құрсай каналының тамағын аршыдық. Қамыстардан ертерек тазарту жұмысы да барынша қолға алынған болатын,‑дейді Құлсары қаласы әкімі Шәкір КЕЙКИН.

Жылыойлықтар Қамыскөлді толтырғасын жем өзені арқылы шабындықтарға су шығармақшы. Суды ысырап етпеу мақсатында тасқынға қарсы жиырма бір мекеме және отыздаған техника жұмысқа тартылады деп күтілуде. Арнайы және ауыр техникалар көзі қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда соңғы жылдары қасқалдақтың қанына айналған су тоғандарын жасап алуға жұмыстануда. Мал өсіруші шаруалар соған үміт артып отыр. «Су болса, ну болады» деген бар емес пе. Ал Ақтөбе облысы Байғанин ауданымен судың мөлшері жөніндегі ақпараттар күнбе күн алынуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

20 сәуір 2011, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.