Атырау, 5 желтоқсан 08:55
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​АҚШ билігі қытайлық студенттердің визасын қайтарып алуды көздеп отыр

345 рет қаралды
© globallookpress.com

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Вашингтонның Қытай студенттеріне, әсіресе Қытай Коммунистік партиясымен байланысы бар немесе стратегиялық маңызды мамандықтарда оқитындар үшін берілген визалар қайтарып алынатынын мәлімдеді.  

Мәлімдеме АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланды.

"АҚШ Мемлекеттік департаменті Ішкі қауіпсіздік министрлігімен бірлесіп, Қытай Коммунистік партиясымен байланысы бар немесе стратегиялық маңызды салаларда оқитын қытайлық студенттердің визасын белсенді түрде қайтарып алуға жұмыс істейтін болады", – делінген мәлімдемеде.

Рубио АҚШ-тың болашақ қытайлық студенттерге арналған визалық талаптарын қайта қарастыратынын, соның ішінде Гонконгтан келетін үміткерлерге де қатысты болатынын айтты.

Бұған дейін Politico газетінің хабарлауынша, АҚШ билігі студенттік визалар бойынша сұхбат жүргізуді уақытша тоқтатқан.

Журналистердің мәліметінше, Ақ үй шетелдік студенттерге олардың әлеуметтік желілерін міндетті түрде тексеру талабын енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқан болуы мүмкін. Бұл туралы «Рамблер» хабарлайды.

29 мамыр, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.