
Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс РИА Новости агенттігіне биткоиннің күнделікті өмірде, соның ішінде кофе сатып алуда қолданылуы артады деп үміттенетінін мәлімдеді.
"Біз адамдарға коммуналдық қызмет ақысын биткоинмен төлеуге мүмкіндік берген сәттен бастап, нағыз қозғалысты көреміз деп ойлаймыз. Өйткені Нью-Йорктың қарапайым тұрғындары оның қолданылуын қалыпты нәрсеге айналдырады", – деді ол американдық Невада штатының Лас-Вегас қаласында өткен Bitcoin 2025 конференциясында агенттікпен сұхбат барысында.
Адамс қала билігінің міндеті тұрғындардың криптовалюта индустриясынан қорықпауын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
"Халықтың қорқынышын сейілтудің ең жақсы жолы – криптовалютаны олардың күнделікті өміріне енгізу. Егер мен су ақысын биткоинмен төлей алсам, онда осы бір шыныаяқ кофені де биткоинмен сатып ала алар едім", – деп мәлімдеді қала басшысы.
В Атырау +4