Атырау, 5 желтоқсан 08:55
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Маск Трамп әкімшілігінен кетіп жатыр

311 рет қаралды

АҚШ үкіметінің тиімділігі департаментінің (DOGE) басшысы, миллиардер Илон Маск АҚШ әкімшілігіндегі жұмысын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы BBC ақпарат агенттігі хабарлады.

Илон Маск өзінің Х әлеуметтік желісінде АҚШ президенті Дональд Трампқа алғысын білдіріп, оған ысырап шығындарды азайтуға мүмкіндік бергені үшін ризашылығын жеткізді. Ол DOGE миссиясының барлық мемлекеттік органдардың жұмысына енуімен уақыт өте келе күшейе беретінін айтты.

Айта кетейік, Маск бұған дейін CBS-ке берген сұқбатында Трамптың салық және бюджеттік заң жобасы көңілінен шықпағанын айтқан болатын. Себебі, бұл заң шығындарды қысқартуға бағытталған әрекеттерге кедергі келтіріп, бюджет тапшылығын ұлғайтады.

Дональд Трамп президент болып сайланғаннан кейін Илон Маск «арнайы мемлекеттік қызметкер» лауазымына ие болды. Бұл оған үкіметте жылына 130 күн жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Reuters агенттігінің мәліметінше, Маск отставкаға кетер алдында Трамппен ресми түрде сөйлеспеген. Бұл шешім жоғары деңгейде қабылданған.

Сәуір айында Илон Маск өз компанияларында көбірек жұмыс істеу үшін DOGE-ге аптасына 1-2 күн ғана арнауды жоспарлағанын айтқан болатын.

29 мамыр, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.