
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Илон Масктың xAI компаниясының Grok чат-боты мессенджерге толықтай интеграцияланатыны туралы мәлімдеді.
Дуровтың айтуынша, келісім бір жылға жасалған және Telegram қолданушылары осы жазда жасанды интеллекттің ең үздік технологиясына қол жеткізеді.
«Осы жазда Telegram пайдаланушылары нарықтағы ең үздік жасанды интеллект технологиясына қол жеткізеді. Илон Маск екеуіміз бір жылдық серіктестік туралы келісімге келдік, оның аясында xAI-дың Grok чат-ботын 1 миллиардтан астам пайдаланушыға ұсынып, оны Telegram-ның барлық қосымшаларына интеграциялаймыз», – деп жазды Дуров.
Серіктестік аясында Telegram 300 млн доллар алады, сондай-ақ мессенджер арқылы xAI жазылымдарынан түскен табыстың 50%-ын иеленеді.
Бұған дейін Grok чат-боты тек Telegram Premium пайдаланушыларына қолжетімді болған, ал Маск оның интеграциясы туралы алғаш рет 2025 жылдың наурызында хабарлаған еді. Енді бұл келісім ресми және ауқымды сипатқа ие болды.
В Атырау +4