Атырау, 5 желтоқсан 08:56
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Еуропада су азайып барады: Брюссель ЕО-дағы тұтынуды шектемек

489 рет қаралды
Сурет: Bloomberg

Еуропада жер асты су қоры азайып, ұзаққа созылған құрғақшылық су қоймаларын құрғатып жатыр. Осыған байланысты Еуропалық комиссия 2030 жылға дейін су тұтынуды кемінде 10%-ға азайтуды ұсынуда, деп хабарлайды EADaily.

Бұл бастама ЕО-дағы су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша алғашқы ресми мақсат болып отыр және жер асты суының азаюына алаңдаушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. ЕО-ның қоршаған орта жөніндегі комиссары Джессика Росвалл суды үнемдеу қажеттігін атап өтіп, күнделікті тұрмыста суды ұқыпты пайдалану керектігін айтты.

Оңтүстік Еуропада жазғы су тұтыну шектеулері, соның ішінде бассейндерді толтыруға тыйым салу, қалыпты жағдайға айналды. Грекиядағы ең ірі су компаниясының басшысы егер шұғыл шаралар қабылданбаса, Афины екі жыл ішінде сусыз қалуы мүмкін деп ескертті.

Швецияда кейбір аймақтарда бақшаны суаруға шектеу қойылса, Франция мен Испанияда фермерлер мен экологтар су құқығы мен бөгеттер құрылысына байланысты қақтығыстарға тап болуда.

Еуропалық комиссияның бағалауынша, су инфрақұрылымын қаржыландыру үшін жыл сайын 23 млрд еуро қажет. Сонымен қатар, Еуропалық инвестициялық банк 2025-2027 жылдар аралығында су инфрақұрылымын дамытуға 15 млрд еуро көлемінде несие мен кепілдік бағдарламасын әзірлеуде.

Бұл бастама міндетті емес, бірақ Еурокомиссия мүше мемлекеттерді өздерінің ұлттық мақсаттарын белгілеуге шақыруда.

28 мамыр, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.