Атырау, 8 желтоқсан 05:47
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырау облысы ауыл шаруашылығы саласына санақ жүргізуге дайындық үстінде

534 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Облыста 1 тамыз бен 20 қазан аралығында ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының АОД басшысы Нұржан Құмарғалиев мәлімдеді.

Санақ екі кезеңде өтеді. Алғашқысы 1–31 тамыз аралығында онлайн сауалнама ретінде sanaq.gov.kz сайтында өтсе, 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында интервьюерлер үй шаруашылықтарын аралап шығады. Бұған дейін 1–30 маусым аралығында Құлсары қаласында респонденттер тізімін нақтылау мақсатында алдын ала аралау (листинг) жүргізілмек.

Сауалнамаға өсімдік, мал және балық шаруашылығымен айналысатын барлық заңды тұлға, сондай-ақ бақшасы мен үй жануарлары бар жеке үй шаруашылықтары қатысады. Аймақтағы санақ шамамен 58 мыңға жуық үй шаруашылығын және төрт мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушісін қамтиды.

Санақты жүргізу үшін өңір бойынша 120 интервьюер тарту жоспарланған. Бұл үшін арнайы оқытудан өткен жұмыссыз азаматтар мен студенттер уақытша қызметке орналастырылады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ауылдық әкімдіктер мен Статистика департаментінде интернетке қосылған өзін-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылады. Кеңес алуға sanaq.gov.kz сайтындағы Sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне немесе 1446 байланыс орталығына жүгінуге болады.

28 мамыр, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.