Атырау, 8 желтоқсан 05:47
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Құлсары қаласында Достық ықшам ауданындағы көпір қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді

552 рет қаралды

Құлсары қаласында 2025 жылғы қаңтар айында басталған «Достық ықшам ауданындағы автомобиль көпірін қайта жаңғырту» жобасы аясында нысанға толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көпір ел игілігіне пайдалануға берілді,– деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қайта жаңғыртылған көпір үстінің ұзындығы – 33 метр, жалпы ұзындығы – 238 метр, ал ені 17,1 метрді құрайды.
Жобаның тапсырыс берушісі – Жылыой аудандық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Құрылыс жұмыстарын бас мердіргер ретінде «SK Kazalem» ЖШС жүзеге асырды.

Ашылу салтанатында сөз алған Құлсары қаласының әкімі Қадіржан Адинов:
«Бұл көпір тек құрылыс нысаны емес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасының кепілі. Қиын-қыстау кезеңдерде жұдырықтай жұмылып, ел үшін еңбек ету – бәріміздің ортақ борышымыз. Халық игілігіне берілген көпір құтты болсын!» деп атап өтті.

Айта кетейік, 2024 жылғы су тасқыны салдарынан қаладағы бірқатар инфрақұрылым нысаны зардап шеккен болатын. Солардың бірі — Достық ықшам ауданындағы осы көпір бүлініп, көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы уақытша тоқтаған еді.

28 мамыр, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.