Атырау, 8 желтоқсан 05:47
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда еңбекпен қамту көрсеткіші талқыланды

521 рет қаралды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министірі Асқар Биахметов және облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің қатысуымен кеңес отырысы өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиын барысында Атырау облысындағы инновациялық даму, инвестициялық жобалардың іске асырылуы және халықты жұмыспен қамту мәселелері талқыланып, жүзеге асырылып жатқан жобалар баяндалды. Атап айтсақ, 2025-2029 жылдары аралығында жалпыұлттық пул шеңберінде 20,5 мың жұмыс орнын ашу және 29 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып отыр. Оның ішінде биылға 22 жоба, яғни, 1287 жұмыс орны ашылмақ.

Жыл басынан бері мансап орталықтарына екі қолға күрек іздеген 25 мыңнан астам адам хабарласып, олардың 16 364-і әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 8500-ге жуық адам жұмысқа орналастырылып, 3162 тұрақты қызмет пен мемлекет тарапынан субсидияланатын 5 319 жұмыс орнына жіберілді.

Жиын соңында А.Биахметов жұмысқа орналастырудың төмендеу себептерін терең талдау, зейнетақы аударымдарын бақылауды күшейту, маңсап орталықтарындағы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы өзара кедергілерді анықтап, өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру барысын бақылауды тапсырды.

28 мамыр, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.