Атырау, 5 желтоқсан 08:55
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қарашығанақ бойынша инвесторлар мен Қазақстан келісімге келе алмауда

471 рет қаралды

Қазақстан Республикасы мен «Қарашығанақ» мұнай-газ өндіру жобасының шетелдік акционерлері жылына 4 млрд текше метр газ өңдейтін зауытты іске асыру мәселесінде келіспеушіліктерді жоя алмады. Үкіметтің пікірінше, акционерлер бұл жобаның соңғы инвестициялық шешімін маусым айының соңына дейін қабылдауы тиіс, деп хабарлайды Petrocouncil.

Халықаралық Upstream Online мұнай-газ басылымының хабарлауынша, шетелдік акционерлер Қарашығанақтың ішкі рентабельділік нормасының (IRR) сақталуына алаңдаушылық білдіруде. Олардың есептеуінше, егер бұл жоба келісім аясында қарастырылса, IRR келісілген деңгейден төмендеуі мүмкін. Өз кезегінде Қазақстан үкіметі ГӨЗ құрылысының құнын одан әрі төмендетуді талап етіп, инвестициялық шешім болмаған жағдайда жобаны жүзеге асыру жөнінде бас0а серіктеспен алдын ала кеңес өткізілгенін растады.

Дегенмен таңдалған мердігер Hyundai Engineering құрылысқа дайындық және қажетті рұқсаттарды алу, мемлекеттік сараптамадан өту мақсатында субмердігерлермен келісімшарттарды аяқтау процесінде.

28 мамыр, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.