
Қытайдың Шаньдун провинциясындағы химия зауытында жойқын жарылыс болып, кемінде 5 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды, деп хабарлайды Euronews.
Жарылыс Вэйфан қаласындағы өнеркәсіптік аймақта 28 мамыр күні түскі уақытта орын алды. Оқиға орнында 232 құтқарушы және 55 арнайы техника жұмылдырылды.
Зауыт Gaomi Youdao Chemical Co компаниясына тиесілі, ол пестицидтер мен медициналық химиялық заттар өндіреді. Жарылыстың себебі әлі белгісіз.
Бұл оқиға Қытайдағы ең ірі өнеркәсіптік апаттардың бірі болып саналады. Бұған дейін 2015 жылы Тяньцзинь қаласында болған жарылыстардан 173 адам қаза тапқан еді.
В Атырау +4