
Бүгін Әзербайжан 1918 жылы құрылған Әзербайжан Демократиялық Республикасының 107 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды АА.
Бұл мұсылман шығысында негізі қаланған алғашқы демократиялық республика болды.
Тәуелсіздік алғаш рет 1918 жылғы 28 мамырда Тифлисте жарияланды. Алайда сол кезде Баку большевиктер мен армян жасақтарының бақылауында болғандықтан, алғашқы Әзербайжан үкіметі уақытша Гянджа қаласында қызметін жалғастырды. Елдің тәуелсіздігін ең алғаш Осман империясы мойындады.
Қысқа мерзім ішінде Әзербайжанда экономика, білім беру, дін және басқа салаларда маңызды реформалар жүзеге асырылды. «Тәуелсіздік декларациясында» барлық азаматтардың нәсіліне, дініне және жынысына қарамастан тең құқықтары бекітілді. Сонымен қатар, Әзербайжан мұсылман шығысында алғаш болып әйелдерге дауыс беру құқығын берді.
1920 жылғы 28 сәуірде Қызыл армия Әзербайжан аумағына басып кіріп, Демократиялық Республика өмір сүруін тоқтатты. Елдің көптеген саяси және мәдени қайраткерлері эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Әзербайжан қайтадан тәуелсіз мемлекет болып, тарихи дәстүрін жаңғыртты. 2021 жылы Әзербайжан парламенті «Тәуелсіздік күні» туралы жаңа заң қабылдап, 28 мамырда атап өтілетін күннің атауын ресми түрде өзгертті.
Бүгінде Әзербайжан халқы ерекше рухпен, үлкен қуанышпен және мақтанышпен Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Республика туы азат етілген аймақтарда желбіреп тұр.
В Атырау +4