
Атырау гарнизонында республикалық деңгейде өтетін "Айбын-2025" әскери-патриоттық жастар жиынына* қатысушыларды іріктеу шарасы ұйымдастырылды.
Іріктеуге қала мен облыс мектептерінің, колледждерінің әскери-патриоттық клуб мүшелері қатысты.
Жасөспірімдер саптық дайындық, әскери-қолданбалы спорт түрлері, алғашқы медициналық көмек көрсету, зияткерлік сайыстар және әскери техника бойынша білімдерін көрсетті.

Мақсат – жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, әскери қызметке қызығушылығын ояту және патриоттық тәрбие беру.
Іріктеуде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар "Айбын" жиынының республикалық кезеңінде* Атырау өңірінің намысын қорғайтын болады.
В Атырау -2 




