
Қазақстанда мұнай өңдеу саласы ішкі нарықтың жанар-жағармайға деген сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр, тіпті автобензин экспорты басталды.
Қазіргі уақытта елімізде үш ірі және технологиялық мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді:
- Атырау МӨЗ – жылына 5,5 млн тонна мұнай өңдейді
- Павлодар МХЗ – жылдық қуаты 5,5 млн тонна
- Шымкент МӨЗ – жылына 6 млн тонна мұнай өңдейді
Сонымен қатар, Ақтау қаласында орналасқан «СП CaspiBitum» ЖШС жылына 1,5 млн тоннаға дейін Қаражанбас мұнайын өңдейді.
Осылайша, Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының жалпы қуаты жылына 18,5 млн тоннаға жетіп, елдің жанар-жағармайға деген сұранысын толық өтей алады. Бұл тұрақты ішкі нарықты қамтамасыз етуге және артық өнімді экспорттауға мүмкіндік береді.
В Атырау +4