
Балық қорын қорғау инспекторлары, әкімдік қызметкерлері және жеке компаниялар өткен жылғы су тасқынынан кейін қалған су қоймаларынан балықтарды құтқару жұмыстарына қатысуда.
26 мамыр күні Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында балық қырылуының алдын алуы бойынша шұғыл түрде жиын өтті.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Алмас ЖҰМАШЕВТЫҢ айтуынша, Атырау-Астрахан, Атырау-Мақат тас жолы бойында өткен жылғы су тасқынынан бөлініп қалған жайылым суларында әлі де балық және шабақтар барлығы анықталуда екен. Су қоймалары құрғаған кезде қырылып кетпеуі үшін оларды құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Осы себептен Махамбет ауданы әкімдігі, балық инспекциясы, "Тілекші", "Ш. Сүлейменов" ЖШС-рі Атырау-Астрахан тас жолындағы жайылымнан құтқару жұмысын жүргізуде.
Ал Атырау-Доссор тас жолы мен Соколок аймағындағы жайылымдарға Атырау балық инспекциясы бөлімі, қала әкімшілігі, "Арнайы автобаза", "Восток", "Амангелді", "Абылайхан", "Е. Сәрсенбаев", "Каспий бекіресі Лимитед" ЖШС-нің қызметкерлері тартылған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -2