Атырау, 8 желтоқсан 05:51
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда 16 шақырымнан асатын жылу құбырлары жаңартылуда

716 рет қаралды

Атырау қаласында 16 шақырымнан астам жылу құбырлары жаңартылып жатыр. Қолданыс мерзімі біткен желілер кезең-кезеңімен ауыстырылып, жөндеу жұмыстарын «Атырау жылу жүйелері» ЖШС жүзеге асыруда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жалпы облыс орталығында 426 шақырым жылу желісі бар. Жұмыстар негізгі төрт учаскеде жүргізілуде. Атап айтқанда, Жайық өзенінің оң жағалауындағы 4,5 шақырым жылу желісі толық ауыстырылады.

- Қала бойынша 55 жылу пункті бар. Қазір Атыраудың барлық аумағында жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды 1 қазанға дейін толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Құбырларды ауыстыру шаралары Азаттық, Сәтпаев және Владимирский көшелерінде жүргізілуде. Ал Лесхоз шағынауданындағы жылу желілерін жаңарту 100% аяқталды,- деді "Атырау жылу жүйелері" ЖШС директорының орынбасары Жұмахмет Елемесов.

Сондай-ақ ұзындығы 20 шақырымға жуық құбырларға жылу оқшаулау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта ол оның 0,963 шақырымы орындалды.

Айта кетейік, 2024 жылдың күзгі-қысқы маусымына дайындық аясында 18,2 шақырым жылу желісі ауыстырылған болатын.

27 мамыр, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.