
Франция президенті Эммануэль Макрон жұбайынан шапалақ алған себебін түсіндірді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Макронның айтуынша, олар ұшақта «жай ғана қалжыңдасқан». Сондай-ақ, ол Брижит екеуі мұндай әрекеттерді жиі жасайтынын айтты.
Француз президенті бұл оқиғаның қоғамда үлкен резонанс тудырғанына таң қалғанын жеткізді. Ол бұл жағдайды бұған дейінгі оқиғамен салыстырды, онда БАҚ-та Макронның дастарқаннан майлықты алып тастағаны талқыланған болатын. Кейбір басылымдар майлықтың ішінде есірткі болуы мүмкін деген болжам жасаған.
Бұған дейін Макрон Вьетнамда ұшақтан шыққан кезде жұбайынан шапалақ алған болатын.
В Атырау +4