
Атырауда ТЖМ қызметкерлері 33 жастағы қала тұрғынына күтпеген тұрмыстық мәселесін шешуге көмектесті. Ол құлағынан сырғасын шығара алмапты.
ТЖМ хабарлауынша, 112 нөміріне ерекше қоңырау түскен: әйелге шұғыл көмек қажет болған, себебі ол өздігінен оң құлағындағы сырғаны шығара алмаған.
Шақыртуға келген мамандар әшекей бұйымды бірер минутта мұқият шешіп алды. Операция сәтті өтті, әйелге де, сырғаға да ешқандай зақым келмеді.
Әйелге медициналық көмек қажет болмады.
В Атырау +4