Атырау, 8 желтоқсан 05:47
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда бір келіден астам синтетикалық есірткі таратқан тұрғын ұсталды

Бейнежазба
472 рет қаралды

Атырау облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікпен 37 жастағы Индер ауданының тұрғынын ұстады. 

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Күдіктінің жеке басын тінту кезінде 100 дана оралған ақ түсті ұнтақ тәріздес заттар анықталды. Оның салмағы 1 келіден асатын синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды. 

Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

27 мамыр, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.