
13 мамырда «Көктем» орта мектебінде үзіліс кезінде жетінші сынып оқушысы басқа оқушыны ұрып-соққан. Бұл оқиғадан мектеп мұғалімдері хабарсыз қалған, жәбірленуші ешкімге айтпаған. Тек кешке анасы баласының денесіндегі көгерген іздерді көріп, дереу дәрігерге жүгінген. Бала ауруханаға жатқызылған.
- Тек ертесіне анасы мектепке келгенде бір білген. Дереу полиция шақыртылып, сол күнгі видеожазба қаралған. Бүгінде полиция өз жұмысын жүргізуде. Осы оқиға бойынша зерделеу жүргізіліп, тиісті шаралары алынды. Сынып жетекшісі ол міндетінен босатылды, сол күнгі кезекші мұғалімге ескерту берілді. Ал мектеп директорына білім бөлімі атынан сөгіс жарияланды, - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша ДІЛМҰҚАШЕВА.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі сараптама тағайындалғанын айтты. Іс көтеріле ме, жоқ па, сараптама қорытындысы бойыншашешіледі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -2