Атырау, 17 ақпан 02:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Облыстық балалар ауруханасында МРТ құрылғысы іске қосылды

Сурет
624 рет қаралды

Атырауда облыстық балалар ауруханасына жаңа магниттік-резонанстық томография құрылғысы ресми түрде қолданысқа берілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Халықаралық Балалар күніне орай тарту етілген аппарат өңір тұрғындарының, әсіресе, балалардың денсаулығын жоғары технологиялы әдіспен диагностикалауға мүмкіндік береді. Заманауи талаптарға сай құрылғы тиімді ем-шараларды уақытылы тағайындауға жол ашпақ.

- Бұл тек медициналық құрылғы емес, балаларымыздың денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам. Ерте диагноз қою, ауруларды уақытында анықтау – денсаулық сақтаудағы ең шешуші сәттердің бірі. Енді жаңа туған сәбиден 18 жасқа дейінгі балалар қажетті тексерулер үшін алысқа сабылмайды. Жоғары технологиялы аппарат өз өңірімізде де қолжетімді,- деді облыстық балалар ауруханасының басшысы Алмира Сабыргалиева.

Еске салайық, МРТ – ағзаның жұмсақ тіндерін, ми, жұлын, буын және ішкі ағзаларды, әсіресе, неврологиялық, онкологиялық және тірек-қимыл жүйесі ауруларын егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық әдіс. Құрылғы зиянды сәуле бөлмейтіндіктен балаларға қауіпсіз саналады.

26 мамыр 2025, 21:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.