Атырау, 9 қазан 08:06
 дождьВ Атырау +10.9
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

​Атырау – Доссор тас жолында көлік апатынан бір адам қаза тапты

Бейнежазба
1 428 рет қаралды

26 мамыр күні сағат 15:00 шамасында Атырау – Доссор тас жолында, Геолог ықшамауданы маңында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды.

Полицияның мәліметінше, 1976 жылғы КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан шығып, 1990 жылғы жүргізуші басқарған GreatWall Wingle 5 көлігіне соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан GreatWall Wingle 5 көлігінің 1963 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Осы дерек бойынша тергеу жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

26 мамыр 2025, 20:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.