
1918 жылдың 26 мамырында Грузия үкіметі (оны сол кезде Ной Жордания басқарған) Ресей империясынан тәуелсіздігін жариялады, деп хабарлайды АА.
Бұл күні Тбилиси мен елдің басқа аймақтарында көптеген мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.
Грузия президенті Михаил Кавелашвили Тәуелсіздік күніне арналған шарада сөз сөйлеп, 26 мамырды грузин халқының бірлігі, еркіндікке деген сүйіспеншілігі, табандылығы мен үздіксіз күресінің символы деп атады.
«Біз тәуелсіздіктің қаншалықты қымбат екенін түсінуіміз керек, оны үнемі қорғап, қадірлеу қажет. Отанға қамқорлық – бір реттік әрекет емес, бұл үздіксіз процесс, грузин халқының миссиясы. Ол ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың күресімен басталып, Грузия мен грузин халқы бар болғанша жалғасады», – деді Кавелашвили.
Грузия Демократиялық Республикасы 1921 жылдың ақпанына дейін болды. Осы уақыт ішінде Еуропаның 23 мемлекеті (Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, РСФСР, Түркия), Азия және Латын Америкасы (Аргентина және басқалары) Грузияны мемлекет ретінде мойындады.
1921 жылдың ақпанында Грузияда Грузин КСР құрылды, ол 1922 жылдың 30 желтоқсанында КСРО құрамына енді. Алдымен Закавказ Социалистік Федеративтік Кеңестік Республикасының құрамында болды, 1936 жылдан 1991 жылға дейін – одақтас республика ретінде танылды.
КСРО ыдырағаннан кейін, 1991 жылы Грузия 1918 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіздік декларациясына сүйене отырып, қайтадан тәуелсіздігін жариялады.
В Атырау +4