Полицейлер қаруланған мал ұрлаушы топты іздестіруде.
ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, сәуірдің 17-сінен 18-не қараған түні Х.Ерғалиев атындағы селода тұратын туысқандарының үйінен келе жатқан ерлі-зайыптылар түн ішінде айдалада жүрген күдікті «Газель» машинасын байқап қалады. Олар полицияға хабарлап, «Газельдің» соңынан көліктерінің шамын жақпастан ізіне түседі. Полицейлер Аққыстаудан келгенше «Газельге» жеңіл машина қосылады. Полиция машинасы келіп «Газельдің» жолын бөгеген кезде, ондағы жолаушылар жеңіл көлікке ауысып үлгерген еді.
«Газельдің» жүк салғышынан айғырдың, бес жылқының және құлынның тұтас еті табылды. Барлық жануарлар ірі оқпен атылған болып шықты. Айтпақшы, ұрылардың соңынан ілескен жұп кезінде осындай мал ұрлаушылардан зиян шеккендер екен.
«Газельдің» жүргізушісі ұсталды және екінші көліктің жүргізушісі де бағдар бойынша қолға түсті. Бес адам іздестірілуде. Олардың жеке бастары анықталды, барлығы да Құрманғазы ауданының тұрғындары болып шықты, олардың екеуі бұған дейін де мал ұрлығына қатысты жауапқа тартылған.
Лев ГУЗИКОВ