Атырау, 14 ақпан 07:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

2024-2025 оқу жылында 400 мыңға жуық оқушы орны ашылды

753 рет қаралды
gov.kz

Биылғы оқу жылында елімізде бір жыл ішінде рекордтық көрсеткіш - 400 мыңға жуық орынды қамтыған 257 жаңа мектеп ашылды. Олардың қатарында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы заманауи білім ордалары да бар, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде, соңғы екі жылда үш ауысымды мектептердің санын 3 есеге дейін қысқартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар, мыңдаған ауыл мектебіне жаңғырту жасалып, қолданыстағы мектептер күрделі жөндеуден өтті және 1700-ге жуық мектепте робототехника, химия, биология, физика және STEM-пәндер бойынша заманауи пәндік кабинеттер жабдықталды.
 
Келесі кезеңде мектеп инфрақұрылымын біртұтас заманауи форматқа көшіру үшін жаңарту жұмыстары басталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде 1 231 мектепті реновациялау жоспарлануда, олардың жартысынан көбі ауылдық жерлерде орналасқан.

19 мамыр 2025, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.