
Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Shell компаниясының Қазақстандағы аға вице-президенті және концерн төрағасы Әли Әл-Жанаби, сондай-ақ Shell-дің негізгі елдер мен Намибиядағы барлау жөніндегі вице-президенті Сюзанн Куганмен кездесу өткізді.
Тараптар ынтымақтастық мәселесін, мұнай-газ жобаларының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Shell - қордың мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестерінің бірі. Компания «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниясы — «Қазмұнайгазбен» бірлесіп, Солтүстік Каспий, Қарашығанақ жобалары, КТК, геологиялық барлау және басқа да бағыттар бойынша жұмыс істеп келеді.
Сонымен қатар, тараптар әлеуметтік бастамаларды да бірлесе жүзеге асыруда. Осылайша, өткен жылы қор мен Shell қолдауымен OrleTECH 3.0 инклюзивті білім беру жобасы (https://t.me/samrukkazynaofficial/6512) табысты түрде іске асырылды. Жоба аясында ерекше қажеттіліктері бар жастар сұранысқа ие IT-мамандықтар бойынша оқу оқыды.