
Ол жолды кесіп өтпек болып жүгіріп шыққан қызбен соқтығысып, ауыр жарақат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы жағдай 20 сәуірде ардагер серуендеуге әрі әдеттегідей көгершіндерге жем беруге шыққанда болған. Назарбаев пен Мүсірепов көшелерінің қиылысында ол жолдан өтпек болған тоғыз жасар қызбен соқтығысып қалған. Ардагер құлап, ауыр жарақат алады. Алдымен ол травматология бөлімінде, кейін жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер қолдан келгенін жасаса да, ардагердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Туысқандарының айткынша, қыз қолына гүл алып анасымен бірге ауруханаға келіп, ардагерден кешірім сұрады. Ардагер кешірім берген.
"Бүгін соғыс ардагері Василий Васильевич Макиенко өмірден өтті. Василий Васильевичтің өмір жолы – бұл ерлік, жанқиярлық пен Отанға адал қызмет етудің үлгісі. Ол майданға 18 жасқа толмай тұрып шақырылған және атқыштар полктерінің, соның ішінде гвардиялық құрамалардың құрамында ауыр жауынгерлік жолдан өтті. Ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған", – деді Солтүстік-Қазақстан облысының басшысы.
Соғыстан кейінгі жылдары Макиенко су шаруашылығы жүйесінде еңбек етіп, 13 жылдай техникалық жабдықтау өндірістік басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Полиция осы оқиға бойынша ҚР ҚК 114-бабы – "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Алайда кәмелетке толмаған қатысушының әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.