Атырау, 30 тамыз 22:26
 дождьВ Атырау +22.9
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

​Ақмола облысында жарылғыш заттар тәркіленді

843 рет қаралды

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестірумен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдалануға арналған.

Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

16 мамыр 2025, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.