Атырау, 14 ақпан 07:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Air Astana Астанадан Данангқа тікелей рейс ашты

713 рет қаралды

Air Astana Астанадан тікелей Вьетнамдағы курортты қала Данангқа шығатын халықаралық рейс ашты. 14 мамырда алғашқы рейс орындалды: А321LR әуе кемесі Астананың халықаралық әуежайынан сағат 22:55-те ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 08:25-те Дананг халықаралық әуежайына қонды.

Кестеге сәйкес рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Дананг – Вьетнамның орталық бөлігінде орналасқан жағалаудағы қала. Қала ақ ұлпа жағажайлары, туристік нысандары және жақсы көлік инфрақұрылымымен танымал. Данангтан бір сағаттық жолда орналасқан Хойан қаласы – Оңтүстік-Шығыс Азияда жақсы сақталған тарихи сауда портының бірегей үлгісі ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.

Жазғы ұшу кестесі аясында Air Astana әуе компаниясы Вьетнам бағытындағы рейстер санын 11-ге дейін ұлғайтты. Қазіргі уақытта Нячанг қаласына рейстер аптасына төрт рет Алматыдан және үш рет Астанадан орындалуда. Дананг бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет Астанадан, ал 2025 жылғы 4 маусымнан бастап бұл бағыт бойынша Алматыдан да аптасына екі рейс орындалады. 

Қазақстан азаматтары Вьетнамда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алады.

16 мамыр 2025, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.