Атырау, 8 желтоқсан 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Прокуратура адамның ішкі ағзаларын заңсыз сату әрекетін анықтады

387 рет қаралды
Фото: freepik.com

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы қызметкерлерімен әлеуметтік желіге орналастырылған жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласының тұрғынының бірі, өзінің ішкі органдарын сатуы бойынша ықтимал заңсыз мәміле жасау туралы ақпарат алынды.
 
Алынған мәліметтер негізінде облыс прокуратурасының қаулысына сәйкес облыстық полиция Департаментімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
 
2025 жылдың 30 сәуірінде облыс прокуратурасымен бастамашылық жасалған жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы соммасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдікті ұсталды.
 
Аталған фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.  
 
Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

15 мамыр, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.