
Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің Таразда соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиғаға қатысы бар тұлға анықталып, полицияға жеткізілді. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде, оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау мақсатында жұмыстар жалғасуда.
Байғазиевтің соққыға жығылғаны туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға депутаттың Таразға жұмыс сапарымен келген кезінде орын алған.
В Атырау -2