Атырау, 26 мамыр 19:28
 дождьВ Атырау +29.5
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59

Абай облысында прокурорлар ұлттық парк қызметкерлерінің жалған дипломдарын анықтады

420 рет қаралды
Сурет: ChatGpt

Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
 
Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен.
 
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
 
Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді.

14 мамыр 2025, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.