Атырау, 8 желтоқсан 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

СҚО әкімі Италия инвесторымен кездесті

355 рет қаралды
gov.kz

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Prosol Spa» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Адальберто Вилла және атқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесу өткізді. Итальяндық серіктестер «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында мал азығына арналған ашытқы өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда.

"Инвесторларға сенім білдіріп, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдірдім. Өз тарапымыздан жобаны жан-жақты қолдауға дайынбыз. Солтүстік Қазақстан өңірі тиімді серіктестікке ашық!",- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Зауыттың өнімі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл аса маңызды жоба, өйткені, өңірде сүт және етті мал шаруашылығы белсенді дамып келеді. Жобаға 3 миллиард теңге инвестиция салу жоспарланған. Кәсіпорын жылына 3 000 тонна өнім өндіріп, 40 жаңа жұмыс орнын ашады.

14 мамыр, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.