
Ағымдағы жылы балаларды сауықтыру ұйымдарын (лагерь) маусымға уақтылы дайындау мақсатында Комитеттің аумақтық бөлімшелері әкімдікпен бірлесіп балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша Жол карталарын әзірлеп бекітті.
Жол карталарын іске асыру шеңберінде:
- балалар демалысы объектілерінің санитариялық-техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
- лагерь қызметкерлерімен оқыту және түсіндіру іс-шараларын өткізу, сондай-ақ дайындықтан бастап ауысым аяқталғанға дейінгі барлық кезеңдерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылау;
- балалардың тамақтану, сумен жабдықтау, медициналық қызмет көрсету және тұру жағдайларының сапасын бақылау көзделуде.
Бүгінгі таңда консультациялық көмек көрсету үшін әр лагерьге санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілді, олар 191 лагерь өкілдеріне кеңес берді.
Жол карталарын іске асыру бойынша мониторинг Комитеттің бақылауында.
Қазіргі уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің атына санитарияшллық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) алуға 29 өтініш келіп түсті, оның 8-і СЭҚ алды, 17-сі қаралуда, 4-не –дәлелді бас тарту берілді.
Дәлелді бас тартудың негізгі себебі – құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, атап айтқанда жарықтандыру хаттамаларының, микроклиматтың, суды вирусологиялық зерттеудің және объектінің техникалық паспортының болмауы.
Апта сайын жаңартылатын СЭҚ алған лагерьлер тізімімен Комитеттің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/838381?lang=kk танысуға болады.
Сонымен қатар, Комитет жедел желі 8-7172-74-27-05 ұйымдастырды, онда лагерьлердің жұмысында қандай да бір бұзушылықтар анықталған кезде шағымдануға болады.
В Атырау -2